Ақназар-Жайық - Жоғары ақуызды соя тұрақты мал шаруашылығы үшін
Компания туралыӨнімдерЖаңалықтарГалереяПайдалы ресурстарСеріктестікБайланыстар
Басты бет

Батыс Қазақстанның суармалы алқаптарынан жоғары ақуызды соя және жемдік белок

«Ақназар-Жайық» ЖШС ресурсты үнемдейтін соя өндірісін дамытып, өңдеуге арналған соя бұршақтарын (тұқым) жеткізеді. B2B клиенттеріне болжамды сапа, логистика және экспорттық сүйемелдеу ұсынамыз.

Өтінім қалдыру

Коммерциялық бөлім

Телефон
8 707 875 73 12
Электрондық пошта
muldasheva@beles.kz
Мекенжай
090600, Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, район Байтерек, с. Атамекен
ул. А. Иманова, 2
Жұмыс уақыты
Дс–Жм 09:00–18:00 (GMT+5)

Бөлімдер

  • Басты бет
  • Компания туралы
  • Өнімдер
  • Жаңалықтар
  • navigation.items.gallery
  • Пайдалы ресурстар
  • Серіктестік
  • Байланыстар

Қосымша

  • Құпиялылық саясаты
  • Жоба презентациясы

© 2024 «Ақназар-Жайық» ЖШС. Барлық құқықтар қорғалған.

Батыс Қазақстанда жасалғанҚұпиялылық саясаты

Осы жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым комитеті» ММ қаражаты есебінен қаржыландырылатын ҒҒТҚН нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Жоба жаңалықтары мен аналитикасы

Соя протеинінің инфрақұрылымы, серіктестіктері және сараптамалық материалдары туралы ең жаңа мәліметтер.

Автомиялық технология2026 ж. 18 маусым

Коммерцияландыру жобасы аясындағы егіс жұмыстары толық аяқталды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен «Ақназар-Жайық» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Батыс Қазақстан облысының құрғақ дала аймағында суармалы жағдайда жоғары ақуызды мал азықтық дақылдарды өсіру» коммерцияландыру жобасы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар қазіргі заманғы агротехнологияларды өндіріске енгізуге, жоғары өнімді және сапалы мал азығын өндіруге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңалықты оқу→
Семинар2026 ж. 18 маусым

Коммерцияландыру жобасы аясында аграрлық сектор мамандары суаруды цифрлық басқару жүйелерін меңгеруде

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен «Ақназар-Жайық» ЖШС бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Батыс Қазақстан облысының құрғақ дала аймағында суармалы жағдайда жоғары ақуызды мал азықтық дақылдарды өсіру» коммерцияландыру жобасы аясында аграрлық өндірісте заманауи технологияларды енгізуге бағытталған маңызды іс-шара өткізілді. Жоба шеңберінде кәсіпорын мамандары үшін инновациялық суару жүйелерін пайдалану және цифрлық басқару құралдарын қолдану бойынша тәжірибелік оқыту ұйымдастырылды.

Жаңалықты оқу→
Семинар2026 ж. 17 маусым

БҚАТУ-дағы ғылыми-технологиялық семинарда суармалы жағдайда соя өсіру технологиясын коммерцияландыру жобасы таныстырылды

2026 жылғы 17 маусымда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде мемлекеттік органдардың, ғылым, бизнес, даму институттары мен инвесторлар өкілдерінің басын қосқан «Технологиялар. Инвестициялар. Серіктестік: экономиканың жаңа өсу нүктелері» атты ғылыми-технологиялық семинар өтті.

Жаңалықты оқу→
Семинар2025 ж. 9 қазан

«Батыс Қазақстан облысының құрғақ дала аймағында суаруда жоғары ақуызды мал азығы дақылдарын өсіру» коммерциаландыру жобасы бойынша

Семинар

Жаңалықты оқу→
Семинар2025 ж. 8 қазан

Семинарға шақыру!

«Ақназар-Жайық» ЖШС «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ-мен бірлесіп

Жаңалықты оқу→
Команда2025 ж. 18 қыркүйек

Жобаның нәтижелері мен жоспарларын талқылау

Жәңгір хан университетінің Технологияларды коммерцияландыру және бизнес-инкубация кеңсесінде «Ғылым қоры» АҚ-ның «Батыс Қазақстан облысының құрғақ далалық аймағында суармалы жоғары ақуызды жем-шөп дақылдарын өсіру» коммерциаландыру жобасына қатысушы университет ғалымдары М.Оңаев, Т.Булеков, С.Денизбаев, коммерциаландыру бойынша маман Г.Айешева, сондай-ақ бизнес-серіктес «Ақназар-Жайық» ЖШС өкілдері О.Мулдашева, А.Ихсанғали, М.Арыстанов бас қосып, жобаны жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды талқылады. Кездесу барысында өнім өндірудің технологиялық процестерін уақтылы және сапалы ұйымдастырудың, сондай-ақ қажетті жабдықтарды, тұқымдар мен тыңайтқыштарды сатып алудың негізгі мәселелеріне және инновациялық технологияны енгізуге бағытталған қызметтің басқа да маңызды аспектілеріне ерекше назар аударылды.

Жаңалықты оқу→
Автомиялық технология2025 ж. 26 маусым

Соя өскіндерін және өсімдіктердің фитосанитарлық жағдайын бақылау

Соя тұқымдарын жерге егу тереңдігі, олар өнген кезде тұқым жарнақтары топырақ бетіне шығатындықтан, әдетте таяз – 4-5 см болып ұсынылады. Алайда, егу кезінде егістіктің үстіңгі қабаты жиі құрғап кетеді, сондықтан суарылмайтын алқаптарда, әсіресе құрғақ және ыстық көктемде, тұқымды егу тереңдігі 6-7 см болуы керек. Соя өсіру агротехникасының міндетті тәсілі – егістен кейін топырақты тығыздау. Вегетация кезеңінде соя егістігін күтіп-баптаудың негізгі мақсаты – пайда болған арамшөптерді жою. Экологиялық таза өнім алу үшін гербицидтік қалқанды механикалық өңдеулермен алмастырады.

Жаңалықты оқу→
Семинар2025 ж. 12 маусым

Коммерцияландыру жобасы командасының қатысушылары семинарда

2025 жылының 12 маусымында "Батыс Қазақстан облысының құрғақ далалық аймағында суармалы жоғары ақуызды жем-шөп дақылдарын өсіру" коммерцияландыру жобасының (ЖРН DР23692207) технологияларын коммерцияландыру жөніндегі маманы Гүлшат Амангелдіқызы Айешева және жемшөп дақылдарын өсіру жөніндегі технолог, доцент, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Төлеген Ахметұлы Бөлеков Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да өткізілген Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі семинарда аталган жобаның іске асырылу барысы, негізгі нәтижелері және алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

Жаңалықты оқу→
Автомиялық технология2025 ж. 31 мамыр

Соя өскіндерін бақылау

Сояны іріктеу кезіндегі негізгі селекциялық белгілерге мыналар жатты: вегетация кезеңінің ұзақтығы, жатып қалуға және бұршақтардың жарылып кетуіне төзімділігі, төменгі бұршақтың бекітілу биіктігі. Төменгі бұршақтың төмен орналасуы мен соя бұршақтарының жарылғыштығы өнімнің едәуір бөлігін жоғалтуға әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл дақылды механикаландырылған әдіспен өсіруге жарамдылығы да басым бағыттардың бірі болып табылады.

Жаңалықты оқу→
Автомиялық технология2025 ж. 10 мамыр

Төлеген Ахметұлы Бөлеков, жемшөп дақылдарын өсіру жөніндегі технолог, доцент, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты сояның егілу тереңдігін тексеруде

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін күрт арттырудың түбегейлі тәсілдерінің бірі – жергілікті топырақ-климаттық жағдайларға бейімделген, жоғары өнімді сұрыптарды өндіріске енгізу болып табылады. Қалыптасқан экономикалық жағдайларда, бұрын бұл аймақта мүлдем өсірілмеген немесе шектеулі мөлшерде өсірілген дақылдардың егістік алқаптары кеңеюде. Батыс Қазақстан үшін соя дәл осындай дақыл болып отыр. Қазақстанда соя егетін негізгі аймақтар – республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы. Алайда, соңғы онжылдықта бұл дақылдың таралу аймағы оның солтүстікке қарай жылжуы есебінен едәуір кеңейді. Гектарынан алынатын 10–12 центнер өнім жаңа аймақтар үшін толықтай қолайлы болып табылады.

Жаңалықты оқу→
Инфрақұрылым2024 ж. 5 желтоқсан

Суару жүйесінің құрылысы

"Батыс Қазақстан облысының құрғақ далалық аймағында суармалы жоғары ақуызды жем-шөп дақылдарын өсіру" (ЖРН DP23692207) "Ғылым қоры" АҚ коммерцияландыру жобасы бойынша қажетті материалдар сатып алынып, суару жүйесін салу жұмыстары басталды.

Жаңалықты оқу→