БҚАТУ-дағы ғылыми-технологиялық семинарда суармалы жағдайда соя өсіру технологиясын коммерцияландыру жобасы таныстырылды
2026 жылғы 17 маусымда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде мемлекеттік органдардың, ғылым, бизнес, даму институттары мен инвесторлар өкілдерінің басын қосқан «Технологиялар. Инвестициялар. Серіктестік: экономиканың жаңа өсу нүктелері» атты ғылыми-технологиялық семинар өтті.

2026 жылғы 17 маусымда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде мемлекеттік органдардың, ғылым, бизнес, даму институттары мен инвесторлар өкілдерінің басын қосқан «Технологиялар. Инвестициялар. Серіктестік: экономиканың жаңа өсу нүктелері» атты ғылыми-технологиялық семинар өтті.
«Ғылымнан коммерцияландыруға дейін» атты сараптамалық сессия аясында «Ақназар-Жайық» ЖШС инженері, коммерцияландыру жобасының команда мүшесі Ахмет Ихсанғали баяндама жасады. Өз сөзінде ол Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Ғылым қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысының құрғақ дала аймағында суармалы жағдайда жоғары ақуызды соя өсіру технологиясын коммерцияландыру жобасының негізгі нәтижелерін таныстырды.
Баяндама барысында жоба аясында қол жеткізілген нақты практикалық нәтижелер көрсетілді. Атап айтқанда, суармалы жағдайда соя өсіруге арналған заманауи өндірістік инфрақұрылым құрылып, бес Valley FP500 жаңбырлатып суару қондырғысы іске қосылды, 400 гектар егіс алқабы игерілді, 400 тоннадан астам соя өнімі алынып, өнімді нарыққа шығару ұйымдастырылды.
Сонымен қатар енгізіліп жатқан технологияның ғылыми және экономикалық артықшылықтарына, оның өңірдегі өсімдік шаруашылығын әртараптандырудағы, суармалы жерлерді тиімді пайдаланудағы және агроөнеркәсіптік кешенді отандық жоғары ақуызды шикізатпен қамтамасыз етудегі маңызына ерекше назар аударылды.
Семинар қатысушыларына жоба технологиясын ілгерілету және ауқымын кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да таныстырылды. Оның ішінде жоба сайтының жұмысы, әлеуметтік желілердегі ақпараттық сүйемелдеу, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне арналған семинарлар мен технологиялар трансфері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері қамтылды.
Ахмет Ихсанғалидың баяндамасы бизнес өкілдері, ғылыми қауымдастық және даму институттары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Семинар қатысушылары жобаның практикалық іске асырылу деңгейін жоғары бағалап, суармалы жағдайда соя өсіру технологиясын Батыс Қазақстан облысында және еліміздің басқа өңірлерінде одан әрі кеңінен енгізудің зор әлеуеті бар екенін атап өтті.
Жобаның ғылыми-технологиялық семинарға қатысуы оның нәтижелерін кеңінен насихаттауға, серіктестік байланыстарды нығайтуға және инновациялық агротехнологияларды экономиканың нақты секторына енгізуді ілгерілетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Фотогалерея

.webp&w=3840&q=75)
